Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша / Отмена адресных справок » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 30" отдела образования по городу Усть-Каменогорску Восточно-Казахстанской области
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№30 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 55-97-25
Есепші:
+7 (7232) 55-97-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қазан
2019

Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша / Отмена адресных справок

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.  
Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovmobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. 
Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.
Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-кекелісім бергенде ғана жүзеге асатын операция. Мұндай SMS алу үшін азамат «Мобильді азаматтар» базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz  порталындағы «Жеке кабинетке» кіріп, «телефон» бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кезкелген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).





С 1 ноября в Казахстане будет отменена адресная справка и исключена из реестра государственных услуг. Это означает, что государственные органы, школы, медицинские учреждения и т.д. не имеют права требовать с граждан адресную справку с 1 ноября. Ее нельзя будет получить ни через филиалы «Правительства для граждан», ни через портал электронного правительства. 
В случае необходимости, казахстанцы смогут проверить место своей прописки в личном кабинете на портале электронного правительства egov.kz или через приложение eGovmobile. 
Что касается государственных органов, то они уже имеют доступ к данной информации посредством своих информационных систем, которые были интегрированы с базами данных МВД.  
При этом, другие организации, в том числе частные компании, которым может понадобиться информация о прописке гражданина, смогут получить ее посредством сервиса третьих лиц на портале электронного правительства egov.kz. Это будет возможно только, если гражданин даст свое согласие посредством SMS на одноразовое получение сведений о своей прописке.  Для получения такого SMS гражданин должен быть зарегистрирован в базе мобильных граждан. Регистрацию можно провести самостоятельно (в «Личном кабинете» на портале egov.kz, в графе «Телефон» необходимо указать, либо изменить номер телефона и подтвердить действие своей ЭЦП), либо обратиться в любое отделение ЦОН (услуга оказывается бесплатно, и займет не более 5 минут).



Мобильное приложение eGov Mobile
mobilnoe-prilozhenie-egov-mobile.pdf [278,44 Kb] (cкачиваний: 19)
Посмотреть онлайн файл: mobilnoe-prilozhenie-egov-mobile.pdf



ПАМЯТКА по получению услуг посредством «Сервиса получения справок третьими лицами»
pamjatka-po-polucheniju-uslug-posredstvom-servisa-poluchenija-spravok-tretimi-licami.pdf [676,5 Kb] (cкачиваний: 19)
Посмотреть онлайн файл: pamjatka-po-polucheniju-uslug-posredstvom-servisa-poluchenija-spravok-tretimi-licami.pdf