Письмо к Абаю. Шманай Сергей, 8 "А" класс » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 30" отдела образования по городу Усть-Каменогорску Восточно-Казахстанской области
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№30 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 55-97-25
Есепші:
+7 (7232) 55-97-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2020

Письмо к Абаю. Шманай Сергей, 8 "А" класс

      

      Сәлеметсіз бе, Абай ата! Мен бұл сәтті асыға күттім. Қазір ХХІ ғасырда сіздің ақылды өлеңдеріңіз өмір сүріп жатыр. Өлеңдеріңіз жай сөздік пен сөреде өмір сүріп жүрген жоқ, әр қазақтың жүрегіне жетіп, өз орнына жайғасып жүр. Менің сізге хат жазуымның себебі өзіңіздің табиғат лирикасына жазған «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз» атты өлеңдеріңіз болды. Бұл өлеңдеріңізді оқыған кезде, сол жыл мезгілін көз алдыма елестетіп, суретін салуға шабыт алдым. Әсіресе, маған сіздің «Жаз» өленіңіз ерекше әсер етті. Өйткені, жаз менің сүйікті жыл мезгілім. Жазда біз ұзақ демалысқа шығамыз. Мен жылда ауылдағы атам мен әжеме қонаққа барып, керемет демалып қайтамын. Сіздің «Жаз» өлеңізді оқып, сол күндерді сағынып, есіме алдым. Сіз «Жаз» өлеңінде табиғаттың әсем көрінісін адам тұрмысымен тамаша үйлестірдіңіз. Жайлау көрінісі өте әдемі және әсерлі. Бұл өлеңізді оқып, жайлауға барып, таза ауамен дем алып, түтін иісі бар хош иісті шай ішіп қайтқандай болдым. Өзімді сондай бақытты сезіндім. 
Құрметті Абай ата, биыл 2020 жылы бүкіл Қазақстан сіздің 175 жыл мерейтойыңызға толуына орай ел көлемінде елеулі мәдени шараларды бастап кетті. Біздің де мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сіздің өлеңдеріңіз бойынша мәнерлеп оқу сайысы, 7-8 сынып аралығында өміріңіз бен шығармашылығыңызға байланысты  викторина өтті. Біздің 8 «А» сынып үшінші орын алып, қуанып жатырмыз. Сіздің 175 жылдық мерейтойңыз өнегелі, өміршең жобалармен есте қаларына кәміл сенемін. Абай ата, сіздің даналығыңыз ғасырлармен өлшенеді. Абай ата менің қуанарым – сізді оқыған қазақ саны күннен-күнге еселеп келеді. 


Ақ ниетім, ыстық иқласыммен, Абай ата, сізге жазған хатымды аяқтаймын! 
Өскемен қаласы, 8 «А» - сынып оқушысы Шманай Сергей.